Құрметті қатысушылар, бәсекелестік аяқталды!
Байқауға қызығушылық танытып, белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет. Осы байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық өтініш келіп түсті. Байқаудың қазылар алқасы жұмыстардың орындалу сапасымен, шеберлігімен, тереңдігімен таңғалды. Жұмыстарды бағалау қиын мәселе болды, өйткені бұл сіздің өнеріңізге субъективті көзқарас. Бірақ бұл байқау болғандықтан жеңімпаздарды таңдау керек болды.
Жасөспірімдеріне арналған байқау I have a dream
10 мамырға дейін арманыңыз туралы арт-туындылар жасаңыз, өтінім толтырыңыз және керемет сыйлықтар ұтып алыңыз!
армандаған пайдалы
Байқау туралы
«I have a dream» байқауы жастарды ауқымды, асқаралы және үлкен армандарға шақырғысы келеді. Өз арманыңды кез келген визуалды (сурет, коллаж, монтаж) әдіспен айтып көр.
Ол жұмыстарыңды 10 мамырға дейін қабылдаймыз. Ең бастысы – батыл, ашық бол және идеяны ерекше етіп орында.
25 үздік жұмыс кітапқа еніп, постерге айналады. Осы 25 жұмыстың авторларын керемет журналға жаздыртып береміз. Үш батыл әрі ерекше арманшыл қатысушы iPad-қа ие болады!
Бұл сайыс барлығына арналған!
13 пен 18 жас аралығында болсаң
Қазақстанның тұрғыны болсаң
Өзің, қалаң, елің немесе әлем туралы әлденені армандап жүрсең
Жұмысыңды 2021 жылғы 10 мамыр, сағат 23:59-ға дейін күтеміз
Қатысу үшін сізге сурет салудан шебер болу қажет емес. Біз үшін әр адам - суретші. Тәжірибе жасап көріңіз, кәсіпқой емес сияқты көрінуден қорықпаңыз. Ең бастысы - сіздің идеяңыз бен тілегіңіз.
Сонымен қатар бірнеше міндетті талаптар бар:
1
2
Жұмысыңды кез келген әдіспен: қолыңмен, аяғыңмен, компьютер арқылы және т.б. жаса және 10 мамыр, сағат 23:59-ға дейін жолда
3
Жұмысыңды сканерлеп немесе суретке түсіріп, pdf / jpeg / png форматта сақта;
4
Біздің уеб-сайтымызда өтінімді толтырып, жұмысыңды тірке
Нәтижені күт * _ *
Қалай қатысу керек?
Іріктеу критерийлері
Біздің қазылар алқасы 25 шығарманың тізімін жасайды, оның үшеуі жеңімпаз атанады. Сенің өнеріңді бағалау – субъективті іс екенін түсінеміз.

Жұмысыңды жіберсең, демек біз үшін жеңімпаз атанғаның! Түптің-түбінде, батылдық танытып, арманың туралы айттың ғой. Бірақ бұл байқау, ал біз жеңімпаздарды таңдауымыз керек.
Идеяның түпнұсқалығы
Тәжірибелілік, батылдық
Орындау (ойды сапалы, техникалық жүзеге асыру)
Орындалу мерзімінен ауытқымау және тақырыпқа сәйкестілік
Сондықтан іріктеу үшін бірнеше критерийлерді таңдадық. Олар:
Сұрақтарың бар ма?
Мына жерге ең көп кездесетін сауалдар мен оның жауабын жинап қойдық. Ал өз сауалың туындаса @letsdream.kz инстаграм аккаунтымызға direct-ке хабарлас.
Бұл конкурс не үшін ұйымдастырылды?
Ұйымдастырушылар жас қазақстандықтар нені армандайтынын, нені қалайтынын, неге алаңдайтынын білгісі келеді. Елдің болашағы «ессіз» ойдан қорықпайтындардың қолында. Есейген сайын армандарымыз да қарапайымдана түседі. Осы байқау арқылы баланың биікке қанат қағу сезімін есте сақтауын, күнделікті уайымнан арылуын, өзі үшін шынымен де маңызды нәрсе туралы ойлануын үйретеміз. Тіпті жүзеге аспайтын қиялдар да өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектесіп, шабыттандырады.
Дәл қазір 18-де болсам, ал биыл 19-ға толсам, байқауға қатыса аламын ба?
Байқау жарияланған кезде (2021 жылдың 16 наурызы) 18 жаста болсаң, еш алаңдамастан байқауға қатыса аласың.
Арманым асқақ болмаса да байқауға қатыса аламын ба?
Әрине, барлық армандарға ашықпыз! Идеяң қарапайым деп ойласаң, оны ерекше креативтілікпен орындап көр.
Сурет сала алмасам қайтемін?
О, бұл сайыс барлығына арналған. Қатысу үшін академиялық тәжірибеде сурет салу қажет емес. Біз әр адам суретші деп есептейміз. Тәжірибе жасап көр, бейкәсіби көрінуден қорықпа. Ең бастысы: идея мен құлшыныс.
Фото немесе видеоны байқауға жібере аламын ба?
Өкінішке қарай, фотосуреттер мен видеоларды қабылдамаймыз. Байқау визуалды туындылар жасауға бағытталған. Бірақ бірнеше фотосуреттерден коллаж жасай аласың, олар қазірдің өзінде толыққанды art-туынды болып саналады.
Арман деген не?
Қандай ойдан төбең көкке жеткендей қуанасың? Қаланың түтінін сорып алатын шаңсорғыш, ешкім қартаймайтын елге апаратын ұшақ туралы ой саған қанат бітіре ме? Жеміс-жидекке толы бақты армандайсың ба? Қазір сені не шабыттандырады немесе не алаңдатады? Бұрын не мазалайтын еді? Бұл балалық арманың әлемнің, еліңнің, қалаңның, отбасыңның немесе жүрегіңнің жай-күйін хабарлай ма? Шынайы өмірде жүзеге асыру қиын болатын осындай «ессіз» идеяң орындалуы мүмкін арман шығар? Кез келген арманшыл идеяларға құшағымыз ашық. Ең бастысы ол идея өзіңдікі болсын.

Электронды сертификат алу үшін өтініш
I have a dream көркем шығармалар (эссе емес) байқауына қатысқаны үшін электронды сертификат алу өтініш. Сертификат тек плагиатқа тексерілген және конкурс қатысу шарттарын орындаған қатысушыларға ғана жіберіледі.

Өтініштер 31 шілдеге дейін қабылданады.

Аты-жөні *
Электронды поштаның адресі*
Жобаны бастаушылар
Біз сені жігерлендіруге, мәселені бірге шешуге, әңгіме-дүкен құруға тырысамыз.